Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

Балалардың құқықтарын қорғау

 2

 

56

 

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ 

 2020 жылдың қаңтарынан бастап әр өңірдегі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін ҚР БҒМ жанындағы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының орынбасарлары үйлестіруде.

Басшылар орынбасарларының негізгі міндеттері балалар мен ата-аналарға құқықтық жұмыстар жүргізу, балаларға арналған ұйымдарға бару, олардың қызметіне мониторинг жүргізу, бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес және мемлекеттік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады.

Бекітілген лауазымды адамдар жергілікті жерлерде білім беру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Орта білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда Қамқоршылық кеңестің отырыстарына қатысып, белсенді түрде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен, Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен өзара әрекет жасайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмектеседі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамына кіреді.

Павлодар облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысының орынбасары Уздембаева Гульнара Каиртасовна.

Байланыс телефондары: 8(718)2-61-82-66, 87024647692

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда Департамент басшысының орынбасарына  жүгінуге болады.

 

Құрметті ата-аналар!

 Telegram мессенджеріндегi "Bala QORGAÝ" (Бала Қорғау) чаттың мақсаты кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықты, зорлық-зомбылықты, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері туралы хабарлау үшін құрды.

Егер Сізге жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауын көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуіңізді сұраймыз.

Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберіледі.

57

Сұрақ

Білім сапасын арттыру үшін қандай шаралар қолдану қажет?

Сұрақтар мұрағаты

Наверх