Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

Жаңалықтар

Павлодар облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2019 жылғы қызметінің қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттерді талқылау кеңесі

13 Қаңтар 2020 ж.

2020 жылғы 10 қаңтарда Павлодар облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша облыстың қалалары, аудандары білім бөлімдері, білім басқармасы басшыларының қатысуымен 2020 жылға арналған міндеттерді талқылау кеңесі өтті.

Департамент басшысы Е.М. Аязбаев белгіленген жоспарларға ерекше назар аударып, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша алдағы міндеттерге баса назар аударды. Сонымен қатар 3 ауысымдық оқыту, мектептерді қайта ұйымдастыру, білім алушыларды тасымалдауды ұйымдастыру, білім беру қызметін лицензиялау мәселелері талқыланды.

Кеңеске қатысушылар «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының қабылдануына байланысты жаңалықтарды талқылады және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың одан әрі жолдарын белгіледі.

1 2

Сұрақ

Білім сапасын арттыру үшін қандай шаралар қолдану қажет?

Сұрақтар мұрағаты

Наверх