Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті

Жаңалықтар

Мектептін тыс ұйымдардың директорлары мен директорларының орынбасарларына арналған республикалық курстар өткізу

22 Қараша 2019 ж.

2019 жылы қарашада 18-21 аралығында  Екібастұз қаласында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырымен мектептен тыс ұйымдардың директорлары мен директорларының орынбасарларына арналған республикалық курстар өткізді.

Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің мамандары дәріскер ретінде шақырылды.

Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Данченко И. Н. және осы бөлімнің бас маманы Садықова А. А. «Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін реттеудің заңнамалық және нормативтік құқықтық негіздері», «Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар. Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін бақылауды жүзеге асыру», «Педагогикалық менеджмент-білім беру процесін басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық тәсілдері», «Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарындағы білім беру үрдісінің психологиялық-педагогикалық аспектілері».

Департамент мамандарының сөз сөйлеулері тыңдаушылардың оң пікірлерін алды, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы БСБД-мен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және мамандарды лектор ретінде шақыруға жоспарлайды.

12345

Сұрақ

Білім сапасын арттыру үшін қандай шаралар қолдану қажет?

Сұрақтар мұрағаты

Наверх