Департамент по контролю в сфере образования Павлодарской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

«Павлодар облысы мектептерінде Камқоршылық кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру туралы»

20 Ақпан 2019 ж. 48

Павлодар облысының өнірлік коммуникациялар қызметінде 2019 жылғы 19 ақпанында Павлодар облысының білім саласын бақылау департаментінің басшысы Е.М. Аязбаев «Павлодар облысы мектептерінде Камқоршылық кеңестерінің жұмысын ұйымдастыру туралы» баспасөз – мәслихатын өткізді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының алдында білім беру ұйымдарында алқалы басқаруға кеңінен қатыса бастаған, Қамқоршылық кеңестерінің қызметтері жөнінде толық ақпараттар таратылды. Кездесуде Павлодар облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Р.Қ. Ақанова қатысып, бұл бағытта жергілікті атқару органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.