Департамент по контролю в сфере образования Павлодарской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Зор үміт күтетін жыл Биылғы жыл Елбасының арнайы бастамасымен Жастар жылы деп жарияланды. Елбасы кешегі жастар форумында жастармен бетпе-бет жүздесіп, осы атаулы жылды ресми ашып берді. Жастар жылына мемлекет пен қоғамның негізгі тірегі – жас¬тарды қолдауға бағытталған бастамалардың барлығы да өз нәтижесін береді деген сеніміміз мол.

04 Ақпан 2019 ж. 32

Биылғы жылдың «Жастар жылы» аталуының тарихи мәні зор. Бұл Елбасының тікелей жас­­тарды қолдауға, жастарды жаңа дәуірдің жаршысы, мем­леке­тіміздің болашағы ретін­де негізгі қозғаушы күш екен­дігін жан-жақты жете түсінуі­нің нәтижесі деу керек. Десек те, бұған қарап, осы күнге дейін жастарға көңіл бөлін­беді деген ой тумауы керек. Тәуел­­­сіз жылдардың тарихы­на көз жүгіртсек, Елбасының қа­шан­­да жастарды назардан тыс қал­­дыр­мағандығының куәсі бола­мыз. Мемлекет басшысы әр­дайым жастарға сенім артып, бар­лық жағдайды тудырып келеді. Алдымен айтар болсақ, тәуел­сіздік алған жылдардан бастап, елімізде жастардың тарапынан шыққан іскер азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілгеніне куә болдық. Олардың алды қазір елу­ді еңсеріп, алпысты алқым­даған аға буынға айналып отыр. Екіншіден, осыдан 25 жыл бұ­рын Елбасының қаулысымен құрылған «Болашақ» халықара­лық стипендиясы тәуелсіз елі­міз­­дің жастарының әлемнің үз­дік жо­ға­ры оқу орындарын­да білім алып, жаһандық дәре­же­дегі ма­ман­­дарға айналуына өзінің өл­­шеу­­сіз ықпалын тигі­зіп кел­ген­­дігін айту керек. Бұл – та­ри­хы­­мызда бұрын-соңды болмаған жағдай. Посткеңестік мем­лекет­тердің ішінде алғашқы болып қолға алған бұл бас­тама бүгінде жалғасын тауып, оның түлектері еліміздің тү­кпір-түк­пірін­де, ел игілігі жолын­да шешу­ші лауазымды қыз­мет­тер ат­қаруда. Кешегі отыр­ғызған ағаш­тың бүгін жемісін жей бас­таған жайы­мыз бар. «Бола­шақ» тәуелсіздік тари­хын­дағы Елбасы тудырған жас­­тарды үне­мі қолдаудың тамаша бас­тама­сы болып келеді. Үшіншіден, елордамыз Ала­таудан Арқаға көшін түзеп, Аста­на­мыз бой көтергенде жастары­мыз­дың жаңа қонысқа бет бұрып, жаңаша өмір бастауларына ерекше септігін тигізді. Астана – жас қала, жастардың қаласы. Астана тұрғындарының айтарлықтай басым бөлігін қажыр-қайраты мол, нағыз деген шағындағы жастар құрайды. Астана – жас­тардың жаңаша өмірінің бас­тауы, еліміздегі өсіп келе жатқан жас-жеткіншек ұрпаққа тәуелсіздіктің тартқан сыйы. Жастар тәуелсіздік жылдары Елбасының барлық бастамаларын қолдап, оның қоғамдық өмірде жүзеге асуына өз үлестерін қосуда. Жастарымыздың алдын­да заманға сай білім мен ғылымды, жаңа инновациялар мен технологияларды меңгеру, әлемдік көшке ұмтылу міндеті тұр. Биылғы жылдың Жастар жылы аталуы жастарымыздың мемлекеттік қолдаудан ешқашан тыс қалмағандығының, оның келешегін анықтаушы басты факторы екендігінің тағы бір дәлелі болып отыр. Біз қашанда жастарға сенген халықпыз. «Өткен күннен жақсы жоқ, келер күннен жаман жоқ» дейтін керітартпа санадан арылуға тәуелсіздігіміз ерекше мүмкіндік берді. Бүгін біз «Мәңгілік ел» болуды мұрат етіп, соған ерекше нық сеніммен қарайтын елге айналдық. Жастар жылы жаңаша ой­лаудың, жаңаша түлеудің бас­тамасы, жаңаша жаңғырудың символы болғалы отыр. Себебі жастар әрқашан жаңашылдыққа құштар. Жастардың бойында тасқындаған күш-қуат, асқақ арманшыл сана бар. Уақытында Мәди бабамыз: «Жастық шақ өткір қылыш жүзі емес пе, қайрап ап, қалың жауға сермегендей» деп жырлағанындай, жастардың бойында өткірдің жүзіндей қайсарлық, күш-қуат бар. Тарихымызға үңілсек, қазақ – қашанда ұрпағынан үміт күткен халық. «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген содан қалса керек. Осыдан тура жүз жыл бұрын ақиық ақын Мағжан: «Арыс­тандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін» деп жырлаған болатын. Міне, сол арманға ұласқан сенім жүз жыл өткеннен кейін де тәуелсіз Қазақ елі ұрпақтарының шын өміріне айналып отыр. Жер жаһанға үңілсек, қай мемлекеттің болсын, жас буыны өсіп келе жатыр. Бірақ арнайы Жастар жылы деп ат беріп, жастардың өміріне жан-жақты, мемлекеттік тұрғыдан ресми көңіл бөліп, нақты шаралар атқаруды міндет етіп отыр­ған ел некен-саяқ. Біздің елі­міз­дің алысқа көз тастап, жаһан­дық жағдайды терең тани біле­тін Елбасының көреген саясаты­ның арқасында өзінің болашағы жас­тарға ерекше көңіл бөліп отыр­ғаны көңілге қуаныш ұялатады. Елбасы бастамашы болып қолға алған осы бір тамаша жыл­дың ойдағыдай, әсіресе жас­тары­мыздың көңілінен шыға­тын­дай өтуі үшін атсалысу барша­мыз­дың азаматтық парызымыз деп білемін. Жастар жылынан мол үміт күтеміз.