Департамент по контролю в сфере образования Павлодарской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауды және бақылауды жүзеге асыруға арналған отырыс

16 Қаңтар 2019 ж. 40

     2019 жылғы 16 қаңтар  күні  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша  департаменті және Павлодар облысы білім саласындағы бақылау департаментімен бірлесіп,  2019 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу кезінде  сыбайлас  жемқорлықты болдырмауды және бақылауды жүзеге асыруға арналған отырыс өткізілді.

      Отырыс барысында Павлодар облысы білім саласындағы  бақылау департаментінің  басшысы Аязбаев Еркимбек  Мухатаевич  «2019 жылғы ҰБТ кезіндегі ұйымдастыру және бақылау» жұмыстары  жөнінде баяндады.

     Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  ұлттық бюросының  (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар  облысы  бойынша департаменті, ПМПУ, ПМУ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша  департаменті, ҰБТ өткізу пункттерінің басшылары, мемлекеттік комиссия төрағалары, мүшелері және БАҚ өкілдері қатысып, ҰБТ  барынша ұйымшылдықпен, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу шараларын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

        Сонымен қатар, БАҚ құралдары арқылы ақпарттарды көпшілікке жеткізу, жарияшылықты қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

 

IMG-20190116-WA0005