Департамент по контролю в сфере образования Павлодарской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Ертіс ауданындағы оқу орындарының басшыларымен кездесуі

12 Желтоқсан 2018 ж. 121

2018 жылғы 11 желтоқсан  күні Ертіс ауданында Павлодар облысы білім саласындағы бақылау  департаментінің  басшысы  Е.М. Аязбаев қалалық білім бөліміне қарасты оқу орындарының  басшыларымен және қамқоршылық кеңестерінің төрағаларымен кездесу  өткізді. Кездесу барысында қамқоршылық кеңестерден алдын-ала келіп түскен  сұрақтарға жауаптар беріліп, нақтылы мысалдармен олардың шешу жолдары көрсетілді.

IMG-20181212-WA0004

Сонымен қатар, кездесуде  Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңын әзірлеуге арналған ҚР БҒМ- нің жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде, білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы,  2019 жылға арналған бақылау жұмыстарының және 2018 жылғы 9 қарашада өткен ҚР БҒМ  жиналысында көтерілген мәселелер жөнінде ақпараттар берілді.