Департамент по контролю в сфере образования Павлодарской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Аққулы, Павлодар аудандарында және Екібастұз қаласындағы білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерістер және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде

25 Қазан 2018 ж. 69

     Павлодар облысы білім саласындағы бақылау департаментінде 2018 жылғы 08-10 қазан аралығында 2 орта білім беру мекемелері «Павлодар ауданы Қаратоғай бастауыш мектебі» мемлекеттік мемемесінде, «Аққулы ауданы Қызыләскер ауылдық округінің Шәмші бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесінде және 2 мектепке дейінгі мекемелерде «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің дене шынықтыру-сауықтыру үлгісіндегі №18 «Гномик» бөбектер бақшасы»  КМҚК, «Екібастұз қаласы білім бөлімінің №2 «Балдырған» бөбектер бақшасы»  КМҚК да жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

       Жоспардан тыс тексерісті жүргізудің негізі ішінара тексеріс нәтижесінде берілген нұсқамалардағы кемшіліктерді жоюын бақылау үшін жүргізілген болатын.

       Департамент комиссиясы өткізген жоспардан тыс тексерістердің қорытындысына сәйкес, Аққулы ауданы Қызыләскер ауылдық округінің Шәмші бастауыш мектебі ММ – де нұсқамаларда көрсетілген ҚР заңнамалар талаптарын бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты департаментің лауазымды тұлғасы  ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабы 3 бөлімі қарастырған әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.

       Жоспардан тыс тексеріс барысында Департамент мамандары білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 05 қазандағы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын және ҚР білім және ғылым министрлігінің басым бағыттары жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.