Департамент по контролю в сфере образования Павлодарской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы орта мектепте ұстаздар қауымымен кездесуі

23 Қазан 2018 ж. 83

     Павлодар облысы білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Е.Аязбаев 2018 жылғы 12 қазанда Баянауыл ауданы, Ш.Айманов атындағы орта мектепте ұстаздар қауымымен кездесті.

     Кездесуде 2018 жылғы 05 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауын және ҚР білім және ғылым министрлігінің басым бағыттары жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Білім саласында кездесетін келеңсіз жағдайларға, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстары талқыланды.