Департамент по контролю в сфере образования Павлодарской области
Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

«Красноармейка орта жалпы білім беру мектебі» ММ-де өткізілген Қорғаншылық Кеңесінің отырысы туралы мәлімет

08 Ақпан 2018 ж. 279

      2018 жылдың  7 ақпанында  Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде мектептің  Қорғаншылық Кеңесінің отырысы өткізілді, оған барлық Кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі және Павлодар облысы бойынша білім саласындағы бақылау Департаментінің басшысы Аязбаев Еркимбек Мухатаевич  пен аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі бойынша бас маманы Шагманов Александр Кабдрахманович қатысты.

Отырыс барысында мектеп әкімшілігінің қаржылық есеп туралы есебі, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәлімет берілді. Содан соң білім саласындағы бақылау Департаментінің басшысы Қорғаншылық кеңесінің жұмысы бойынша құнды кеңестер беріп кеңес мүшелерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.